Отбасын үйінді астынан шығарып алды. Алматы облысында жойқын жарылыс үйді қиратты

21.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматы облысының Екпінді ауылында жеке үйде жарылыс болды. Жойқын дүмпу баспананың күлін көкке ұшырып, үйінді астында бір отбасы – әйел мен оның үш ұлы қалып қойды. Олардың барлығы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Газ компаниясы жер астындағы құбырдан газ кеткенін хабарлады. Бірақ қайғылы оқиғаға нақты осы жағдай себеп болды ма, әзірге белгісіз, деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматы облысының Екпінді ауылында жеке үйде жарылыс болды. Жойқын дүмпу баспананың күлін көкке ұшырып, үйінді астында бір отбасы – әйел мен оның үш ұлы қалып қойды. Олардың барлығы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Газ компаниясы жер астындағы құбырдан газ кеткенін хабарлады. Бірақ қайғылы оқиғаға нақты осы жағдай себеп болды ма, әзірге белгісіз, деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Жарылыс

Үй иесі Самат Жайылханов жарылыс кезінде аулада болып, оқиғаны өз көзімен көрген. Оның айтуынша, бәрі таңғы сағат бестер шамасында, ұлы шәйнекке су қайнатпақ болғанда болған. Жасөспірім сіріңке жағып, газды қосқан кезде қатты жарылыс болған.

Самат құлақ тұндырарлық гүрсіл мен шыққан айқайды ести сала, қираған үйге қарай жүгіргенін айтады.

"Бәрін өз көзіммен көрдім. Шатыр көкке ұшып, қабырғалар жан-жаққа шашылып кетті. Артынан өрт басталды. Әйелімнің айқайын естіп, көмекке ұмтылдым. Ол үйінді астында жатыр екен. Қолынан тартып шығарып алдым. Содан кейін көршілер келіп, балаларды алып шығуға көмектесті. Екінші ұлым көбірек зардап шекті: оның бетін, қолы мен аяғын күйік шалған. Кенжемнің де беті күйіп, мұрны сынған", - деп еске алады ол.

Зардап шеккендердің барлығы шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оларға ауыр дәрежедегі күйік, сынық және бассүйек-ми жарақаты диагнозын қойды. Жағдайлары тұрақты ауыр деп бағаланған.

"Жарылыс бүкіл ауылды дүр сілкіндірді. Тіпті көршілердің терезелері қирап қалды. Бірнеше күннен бері ұйқыдан айырылдық. Біздің де үйіміз осылай ауаға ұша ма деп қорқамыз. Газ құбырларының үйімізге тым жақын тартылғаны мазамызды алады", - дейді ауыл тұрғыны Ерлан Айжанов.

Қайғылы оқиғадан кейін "Алматыгазсервис-Холдинг" газ компаниясы жер астындағы құбырдан газ кеткенін хабарлады. Бірақ бұл жағдай жойқын жарылысқа түрткі болды ма, жоқ па, ол жағы әзірге беймәлім.

"Біз жеткенде жарылыстың себебі белгісіз еді. Газдың кетіп жатқаны рас. Қай жерден екені белгісіз болды. Кейін жер астынан көпіршіктер шығып жатқанын байқадық – бұл жер асты газ құбырынан газдың шығып жатқанын білдіреді. Біз дереу апаттық бригада мен трактор шақыртып, газ кеткен жерді іздеу және оқшаулау жұмыстарын бастадық. Ақауды тауып, уақытша жаптық, қазір зақымдалған бөлікті ауыстырып жатырмыз", - деді "Алматыгазсервис-Холдинг" АҚ бас инженері Ерлан Құмашев.

Жарылыс себептері барлық қажетті сараптамалар жүргізілгеннен кейін белгілі болатыны атап өтілді.

Көмек

Жарылыстан кейін Жайылхановтар отбасының үйінен тек іргетасы ғана қалды: қабырғалары мен шатыры қирап, үйіндіге айналған.

КТК телеарнасының видеосынан кадр

Ауыл тұрғындары баспанасыз қалған отбасыға көмектесуге шешім қабылдады. Жергілікті шенеуніктер де материалдық көмек көрсетуге уәде берді.

"Ауыл тұрғындары екі миллион теңгеге жуық қаражат жинады. Сондай-ақ демеушілермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Мемлекет тарапынан кепілдендірілген көмек көрсетіледі. Ол үшін зардап шеккендер үш ай ішінде өтініш беруі керек. Нақты соманы әзірге айта алмаймыз", - деп толықтырды Іле ауданы Ақсай ауылдық округінің әкімі Бақыт Төреев.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью