Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Қазақстанда отбасылардың әл-ауқатын бағалау кезінде тек табысы ғана емес, отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы, баспанасы, мүлкі, несиелері мен жинақтары да ескеріледі.
C тобына табысы орташа, тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық отбасылар жатады. Олардың негізгі қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндігі бар.
D тобына қаржылық жағдайы қиындау отбасылар кіреді. Олардың табысы төмен болуы, тұрақты жұмысы немесе жеке баспанасы болмауы мүмкін.
E тобына мемлекет тарапынан бірінші кезекте қолдауды қажет ететін отбасылар жатады. Олардың табысы кедейлік шегінен едәуір төмен болуы, тұрақты жұмысы, баспанасы, мүлкі мен жинақтары болмауы, сондай-ақ мерзімі өткен несиелері болуы мүмкін.
Отбасылардың әл-ауқат деңгейін бағалау тәртібі туралы толығырақ видеодан білуге болады.
Айта кетейік, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда күнкөріс минимумы 55 173 теңге болады.