Отбасының жағдайын бағалау жүйесіне өзгеріс енгізіледі министр

29.10.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев президенттің сөзінен кейін отбасының жағдайын бағалау жүйесіне қандай өзгеріс енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Енді азаматтардың нақты мұқтаждығы ескеріле отырып, мемлекеттік көмек көрсету үшін отбасылардың материалдық жағдайын объективті түрде бағалауға баса назар аударылады. Осыған байланысты отбасының әлеуметтік әл-ауқатын айқындаудың кейбір талаптары қайта қаралды.

"Атап айтқанда, ипотекалық қарыздарды қоса алғанда, кірістер мен несиелік міндеттемелерді бағалау тәсілдері өзгертілді. Автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасының бар болуы мен олардың жай-күйі ескерілді. Бұл ретте біз зауыттан шыққанына 20 жылдан асқан ауыл шаруашылығы техникасын есептен толығымен алып тастадық. Жеке кәсіпкерлік және заңды тұлғаның болуы ескерілмейді. Сондай-ақ ұсақ жер телімдері мен жеке қосалқы шаруашылықтың болуын назарға алмаймыз",— деді Ертаев.

Оған қоса, отбасын асырауға арналған шығыстар, кредиттік міндеттемелер, сондай-ақ, жалғыз асыраушының және жалғыз тұрғын үйдің болуына байланысты мән-жайлар де есепке алынады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың 30 ақпараттық жүйесіне ревизия жүргізіледі, ал өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп жәрдемақы алушылардың материалдық жағдайын тексеру жүзеге асырылады.

"Бұл шаралар азаматтардың әл-ауқатын бағалаудың дәлдігін арттыруға және мемлекеттік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз етуге бағытталған", - деп атап көрсетті министр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью