Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
— «Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» ЖШС-не жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар әзірлеу үшін сұралып отырған қаражат сомасына қатысты сұрағым бар. Осыны тарқатып түсіндіре аласыздар ма? Мұнша сомаға қандай ұсыным әзірлетпекшісіздер, қандай жұмыс атқарылады? Естеріңізде болса, бір жарым жыл бұрын стратегия әзірлеуге 1 миллиард теңгеге жуық ақша сұрап, біз мақұлдағанбыз. Енді тағы ұсыным әзірлеуге деп қосымша 70 млн теңге сұрап отырсыздар, — деп сұрады қоғамдық кеңес мүшесі.
Жобаны талқылау кезінде бұл қызметкерлерге төленетін еңбекақы шығындарын жабуға сұралған ақша болу керек деген болжам айтылды. Бірақ Аяжан Өтеуова бюджетке түзету енгізу жөніндегі құжат жобасында еңбекақы шығынын өтеу туралы бір де бір сөз жоқ екенін айтып, ол болжамды теріске шығарды.
Қоғамдық кеңес төрағасы Зұлфұхар Ғайыпов «Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» ЖШС-нің өкілдеріне бюджеттен сұратылып отырған қаражат нақты неге жұмсалатыны туралы толыққанды мәлімет беруді жүктеді.
— Ұсынымдар әзірлеуге ғана 70 млн теңге деген өте «майлы шелпек қой». Қандай ұсыным, білмеймін енді оны… Алтын әріппен жазылатын кітап па? Көрейік, — деді Зұлфұхар Ғайыпов.
Бұған дейін Астана әуежайы 15 сәуірден бастап жұмыс кестесін өзгертетінін жазған едік.