Өте маңызды! Асхат Аймағамбетов барша мұғалімнің бас қайғысына айналған мәселені ашып айтты

29.11.2025

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мектептегі оқу процесіне қатысты маңызды ұсыныс жасап, әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аймағамбетов Threads желісіндегі ресми парақшасында әлемдік білім трендтерін мысалға келтіре отырып, мектептерде базалық дағдыларды қайта күшейту қажет екенін атап өтті.

"The Economist жазғандай, АҚШ пен Еуропада мектептер қайтадан жазбаша және ауызша емтихандарға орала бастады. Бірқатар елдер сабақта телефон мен ноутбукты шектеп, қолмен жазуды және ауызша жауапты күшейтіп жатыр. Зерттеулер ауқатты отбасылардың балалары гаджетке аз отыратынын, ал осал топтарда керісінше екенін көрсетеді. ChatGPT дәуірінде мектептегі назарды сақтайтын ортаны күшейту, ең бастысы – жазу, оқу, ауызша сөйлеу мен сыни ойлау сияқты базалық дағдыларды қайта күшейту өте маңызды", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью