Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Атырау қаласында болған қанды оқиғаға байланысты күдікке ілінген Сұлтан мен Ақбаян туралы олардың бұрынғы көршісі күтпеген жайттарды айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты белгілі журналист Жанат Жақсыбайқызының әлеуметтік желідегі жазбаларына сүйене отырып.
Журналистің мәліметінше, оған осы үйде бұрын тұрған тұрғындардың бірі хат жолдаған. Оның айтуынша, ол 2023 жылы аталған үйдің бір бөлігін жалдап тұрған және сол кезде Сұлтан мен Ақбаянмен көрші болған.
Көршінің сөзінше, сырт көзге бұл отбасы қарапайым, сабырлы әрі тыныш жандар болып көрінген.
Ол 2023 жылы сол үйдің екінші бөлігінде жалдап тұрғандарын, Сұлтан мен Ақбаянның көршілері болғанын айтты. Олар көшіп келгеннен кейін екі ай өткен соң басқа жерге көшіп кеткенін жеткізген. Қазір жаңалықтарды көріп қатты таңғалып отырғанын айтып, сол кезде дер кезінде көшіп кеткендерін атап өтті. Көршінің айтуынша, олар өте жуас, момын отбасы сияқты әсер қалдырған. Сондай-ақ Сұлтанның Наурыз есімді ағасы да келіп тұратын болған.
Оның сөзінше, көршілер арасында жаман қатынас болмаған. Аралас-құралас болып тұрған, жұма сайын бауырсақ пен бәліш әкеліп беретін кездері болған. Кейде олар дастарқан сұрап алатын. Тоңазытқыштары болмағандықтан, еттерін көршілердің мұздатқышына салып жүрген. Ақбаянның өте жинақы, үйін таза ұстайтын адам болғанын да атап өтті.
Сонымен қатар, көрші Ақбаянның туыстары жиі келіп тұрғанын айтады. Анасы келіп, балаларын қарап жүрген, ал ағасы Наурызды да жиі көретінін жеткізген.
Сұлтан туралы да оң пікірде болғанын айтқан. Оның айтуынша, Сұлтан өте тыныш әрі жуас жігіт сияқты көрінген. Тіпті жолдасы түнгі ауысымға кеткен кезде үйде балалар қалатын болса, оларды Сұлтанға сеніп тапсырып кететін болған. Кейін жолдың батпағына байланысты 2023 жылдың жазында басқа жерге көшіп кеткенін айтты.
Қазір осы жағдайдан кейін үнсіз адамның өзінен де сақ болу керек деген ой түйгенін жеткізді.