Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Алматы әуежайында мас жолаушы анықтама бюросы маңында шу шығарды. Ер адам айналасындағыларға айқайлап, балағат сөздер айтқан, содан кейін шыны витринаны сындырған. Әйнек әуежай қызметкерлерінің үстіне құлады, деп хабарлайды Tengri Travel.
Алматы әуежайында мас жолаушы анықтама бюросы маңында шу шығарды. Ер адам айналасындағыларға айқайлап, балағат сөздер айтқан, содан кейін шыны витринаны сындырған. Әйнек әуежай қызметкерлерінің үстіне құлады, деп хабарлайды Tengri Travel.
Көліктегі полиция департаменті Facebook-тегі парақшасында оқиға әуежайдың екінші қабатындағы анықтама бюросы жанында болғанын хабарлады.
Полиция мәліметінше, мас күйдегі құқық бұзушы Алматы – Франкфурт рейсінің жолаушысы болып шықты.
"Ер адам өзін агрессивті ұстап, айналасындағыларға балағат сөздер айтқан. Сонымен қатар, шыны витринаға қолымен соққы жасаған", - деп хабарлады көліктегі ПД.
Соққы салдарынан әйнек жақын маңда тұрған бюро қызметкерлерінің үстіне құлаған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.
"Көлік полицейлері құқық бұзушыны одан әрі тексеру жүргізу үшін полиция бөлмесіне жеткізді. Ол Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және Арыс қаласындағы жекеменшік компаниялардың бірінде жұмыс істейтін 32 жастағы Канада азаматы болып шықты", - деді полиция өкілдері.
Тексеру қорытындысы бойынша шетел азаматы қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған.
Оған 30 АЕК көлемінде - 43 250 теңге айыппұл салынды.
Көліктегі полиция департаменті мұндай құқыққа қайшы әрекеттер ішкі істер органдарының ерекше бақылауында екенін және заңнамаға сәйкес жолы кесілетінін ескертті.
Айта кетейік, таяуда әуе рейстерінде тәртіп бұзған екі ер адам жауапқа тартылды. Екеуі де мас күйінде болып, айналасындағыларға кедергі келтірген: бірі Алматыдан Астанаға ұшу кезінде, екіншісі Шымкентте ұшаққа отырғызу кезінде. Сот шешімімен олар 3 және 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Тағы оқыңыз: Астанадан ұшқан жолаушы ішінде алтыны бар сөмкесі ұрланғанын айтты
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу