Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау бойынша өткізген кеңес барысында мәлім болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Жиында инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық шешімдер енгізу және саланың ел экономикасындағы үлесін арттыру бойынша қойылған міндеттердің сапасы мен мерзімінде орындалуына назар аударылды.
Өткен жылы автокөлікпен ел ішінде 353 млн тонна жүк тасымалданды, «Қалбатау – Майқапшағай», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау – Астрахан» және «Қарағанды – Алматы» бағыттары бойынша жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын 4 ірі жоба жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта «Ақтөбе – Қызылорда», «Бейнеу – Сексеуіл», «Орталық – Батыс», «Қарағанды – Жезқазған» және Сарыағаш айналма жолы бағыттарын қамтитын транзиттік дәліздерді дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, жол жөндеу жұмыстарының қамту көлемі 13 мың шақырымға жеткізілді.
ЕАЭО ішкі шекараларындағы автокөлік өткізу пункттерін жаңғырту аясында өткен жылы 2 учаскеде жұмыс аяқталды. Қазіргі таңда 37 нысан құрылыс жұмыстарымен қамтылған, оларды толық аяқтау 2027 жылға жоспарланған.
Премьер-министр өткізу пункттеріндегі жаңғырту жұмыстарының баяу жүргізіліп жатқанын сынға алып, қарқынның жоқтығын алға тартты. Барлық операциялық процестерді жеделдету тапсырылды.