Өткен жылы елімізде 13 мың шақырымға жуық жол жөнделген

25.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұл туралы бүгін Көлік министрлігінің алқа отырысында Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті.

Отырысқа төрағалық еткен Үкімет басшысының орынбасары өткен жылы теміржол саласында ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылғанын атап өтті.

Атап айтқанда, Достық – Мойынты учаскесі мен Алматы станциясының айналма теміржол желісі іске қосылды, 1,5 мың шақырымнан астам жол жаңартылды, шамамен 320 млн тонна жүк тасымалданды.

Азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7 пайызға жетті. Еліміздегі әуежайлар 30 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетті, халықаралық маршруттар желісі кеңейтіліп келеді.

Айта кетейік, іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының өкілдері, ведомствоға қарасты ұйымдардың басшылары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Жиында Көлік министрі мен оның орынбасарлары Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы және 2025 жылғы саланың негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды айқындады.

Өз сөзінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары алқа отырысы еліміздегі саяси трансформация және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын әзірлеу аясында өтіп жатқанын атап өтті.

-Жаңа Конституция жобасы қоғамның белсенділігі мен саяси мәдениетін арттыру шараларын көздейтін, мемлекетіміздің дамуының сапалық жаңа деңгейін белгілейтін тұжырымдамалық жаңа құжат болып табылады, – деді ол.

Осыған дейін Көлік министрлігі теміржолдағы тозған жылжымалы құрамды тіркеуге шектеу енгізуді ұсынған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью