Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: Gov.kz
«2025 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасы оң динамиканы сақтап қалды. ІЖӨ өсімі 6,5%-ды құрады. Өсімге негіз болған салалар: көлік 20,4%-ға, құрылыс 15,9%-ға, тау-кен өнеркәсібі 9,4%-ға және сауда 8,9%-ға өсті. Бұл ретте инфляциялық қысым сақтала отырып, 12,3% деңгейінде қалыптасты. Орташа айлық жалақы нақты мәнде 2%-ға төмендей отырып, 442 мың теңге деңгейінде орнықты. Ал жұмыссыздық деңгейі жыл бойы тұрақты сақтала отырып 4,6% деңгейінде болды», деді Мәди Такиев.
Астананың елеулі экономикалық өсімі
Министрдің айтуынша, мемлекеттік борыш белгіленген дәліз бойында тұр. Жыл қорытындысы бойынша, ол ішкі жалпы өнімнің 22,8%-ын немесе 36,4 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ІЖӨ көлемі – 159,6 трлн теңге.
«Ұлттық қордың активтері 2025 жылдың аяғында 73,8 млрд доллар болды, оның ішінде валюталық қордың активтері – 63,9 млрд доллар. Бұл сомада «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қарастырылған 1,57 млрд доллар мөлшеріндегі нысаналы талаптар жоқ», деп атап өтті министр.
Елорданы еңселендірген экономикалық аймақ дамудың жауапты кезеңіне қадам басты