Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
2025 жылы Қазақстанда 115,9 мың неке тіркеліп, жалпы некелесу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,69 болды. Қалалық жерде некелердің 68,1%-ы (78,9 мың) тіркелсе, ауылдық жерде қиылған некенің көрсеткіші 31,9%-ды (37 мың) құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Ең жоғары некелесу көрсеткіштері Астана қаласында – 6,75, Қарағанды – 6,32 және Шығыс Қазақстан – 6,27 облыстарында тіркелсе, ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында – 5,06 болды. Алғаш рет некеге тұрғандардың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,3 жас болып белгіленді. Ерлер арасында алғаш некеге тұрғандардың үлесі − 77%, әйелдерде – 78% болды, ал ажырасқаннан кейін некеге қайта тұрған ерлердің үлесі − 22%, әйелдерде − 21% болды.
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
2025 жылы неке қию көбіне жаз айларында тіркелген: маусым – 11 848, шілде – 12 955, тамыз – 12 418. Сонымен қатар, былтыр отау құрғандардың 80,4%-ы моноэтностық неке, ал 19,6%-ы ұлтаралық неке болды.
Ажырасулардың жалпы саны – 45,7 мың. Оның 34 мыңы (74,4%) қалалық жерде, 11,7 мыңы (25,6%) ауылдық жерде тіркелген. Жылдық ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2,24 болды. Ең жоғары коэффициент Павлодар облысында – 3,43, Қарағанды – 3,41, Солтүстік Қазақстан – 3,28, ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында – 1,03.
Ажырасулардың ең үлкен үлесі – 1-4 жыл отау құрғандар арасында (35%), 5-9 жыл бірге тұрғандар – 24%, ал үйленгеннен кейін бір жыл ішінде ажырасқандар үлесі – 8%-ды құрады.
Соңғы жаңалықтар
Жаңа рекорд: Алматыда бір мезетте 11 500 оқушы күй тартты
Рекорд • Бүгін, 17:07
Грузия дипломаты: Қазақстанда өткен референдум халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді
Референдум • Бүгін, 17:00
Қоғам • Бүгін, 16:57
Пәкістан Премьер-министрі Тоқаевты республикалық референдумның табысты өтуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:48
Қазақстанға заңсыз карантиндік өнімдер әкелген 145 дерек анықталды
Оқиға • Бүгін, 16:44
Израиль Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қаза тапқанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 16:43
Дихан Қамзабекұлы ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
Марапат • Бүгін, 16:33
Шымкент көшелеріне 1,6 млн түп гүл егіледі
Шымкент • Бүгін, 16:23
Енді кез келген банкте тұрғын үйге ақша жинауға болады
Қаржы • Бүгін, 16:06
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру басталды
Әскер • Бүгін, 15:53
Елімізде нәресте өлімі 28,5%-ға азайды
Медицина • Бүгін, 15:49
Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 15:45
Жаңа Конституция ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік әділеттіліктің құралына айналады
Ата заң • Бүгін, 15:28
Шымкентте аудан әкімі ер адамды соққыға жықты: Тәртіптік іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 15:03
Астанада 18 мыңнан астам бала бір мезетте асық ойнады
Руханият • Бүгін, 15:02