Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі геосаяси ахуалға қарамастан Қазақстан экономикасы тұрақты дамып келе жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президенттің сөзінше, қазіргі таңда жаһандық саяси-экономикалық жағдай күрделене түскен. Әскери қақтығыстар мен «сауда соғыстарының» ушығуы мемлекеттер арасындағы өзара сенімнің әлсіреуіне әкеліп отыр.
«Қазір әлемдегі саяси-экономикалық ахуал аса күрделі. Әскери қақтығыстар, «сауда соғысы» жылдан жылға ушығып барады. Бұл – ірі мемлекеттер арасындағы сенім дағдарысының және олардың халықаралық қауымдастық алдындағы жауапкершілікті ескермеуінің салдары. Мұның бәрі еліміздің мүмкіндіктерін шектеп отыр», деді Президент.
Соған қарамастан Қазақстан ұлттық даму стратегиясын кезең-кезеңімен жүзеге асырып, тұрақты өсімді сақтап отырғанын айтты.
«Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 306 миллиард доллар болды. Бұл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы екінші орын және аймақтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Соның нәтижесінде біз әлемдегі экономикасы аса ірі 50 елдің қатарына қосылдық. Биыл бұл көрсеткіш 320 миллиард долларға жетеді деп болжанып отыр», деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, Қазақстан Орталық Азияда шетелдік инвестиция тарту бойынша да көш бастап тұр. Ел экономикасына 150 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылған. Бұл – өңірдегі барлық инвестицияның 69 пайызы.
Сонымен қатар елдің алтын-валюта қоры 74 миллиард долларға жеткен. Ал Ұлттық қорды қоса есептегендегі жалпы жинақталған резерв көлемі 139 миллиард долларды құрайды.
«Бір сөзбен айтқанда, ұлттық экономикамыз тұрақты өсіп келеді. Ең бастысы – бұл сапалы өсім», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент экономикадағы құрылымдық мәселелерге де тоқталды. Оның айтуынша, ұзақ жылдар бойы экономиканың біржақты дамуы, өндіріс пен ауыл шаруашылығының баяу қарқыны, сондай-ақ инфрақұрылымның тозуы ел дамуына кедергі болған.
«Коммуналдық шаруашылық, энергетика, су және жол инфрақұрылымының тозығы жетті. Алайда Үкіметтің нақты мақсаттарға бағытталған жұмысының арқасында ахуал біртіндеп өзгеріп жатыр», деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, Қазақстан жаңа индустриялық, энергетикалық және инфрақұрылымдық негіз қалыптастыруға кіріскен. Соның нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі соңғы екі жылда 6 пайыздан астам өсім көрсеткен.
Президент: 2025 жылы 1500 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өтті
Өткен жылы еліміздің әр өңірінде жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 190 өндіріс орны іске қосылған. Соның арқасында 22 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.
Биыл да бұл үрдіс жалғасады. Үкіметтің болжамы бойынша құны 1,7 триллион теңге болатын 200 жаңа кәсіпорын іске қосылып, 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
«Осылайша Қазақстанның индустриялық әлеуеті қайта жандана түседі. Өнеркәсіптің жаңа салалары қалыптасады. Мысалы, машина жасау және электр техникасы жабдықтарын өндіру бағыттары қарқынды дамып келеді», деді Президент.
Соңғы жаңалықтар
Астанадағы қылмыс: Сәнияның туыстары тергеудің әділдігіне сенбейді
Қоғам • Бүгін, 16:11
Президент: 2025 жылы 1500 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өтті
Президент • Бүгін, 16:06
Қазақстанда ЖИ-ді дамытуға арналған 200-ден астам датасет ашылды
Технология • Бүгін, 15:59
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды
Президент • Бүгін, 15:47
Конституциялық өзгерістер: Институционалдық жаңғырудың жаңа кезеңі
Ата заң • Бүгін, 15:33
Президент • Бүгін, 15:22
Атырау тұрғынынан 3,5 метрлік жылан мемлекет кірісіне тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:06
Мемлекет басшысы: Аймақтарда мажоритарлық, яғни бір мандатты жүйе сақталады
Президент • Бүгін, 14:56
Президент • Бүгін, 14:52
Тоқаев: Мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейтіп, нақтылай түсу қажет
Президент • Бүгін, 14:40
Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ: Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарына не деді?
Президент • Бүгін, 14:36
Президент: Мәслихаттар толық цифрлық мемлекет құру мәселесіне белсенді атсалысуы қажет
Президент • Бүгін, 14:24
Атырау облысының үш тұрғыны Ақтөбеде киік ұшасымен ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:16
Мемлекет басшысы: Биылдан бастап ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болмақ
Президент • Бүгін, 13:55
Президент: Аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс
Президент • Бүгін, 13:27