Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Есептік баспасөз мәслихатында Тәжікстан Үкіметі жанындағы Туризмді дамыту комитетінің төрағасы Джамшед Джумахонзода өткен жылы елге барлығы 1 млн 784 мың 454 турист келгенін айтты.
Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 384 мың адамға немесе 27,5%-ға көп.
— 2025 жылы туристердің ең көбі Өзбекстаннан келді — 1 046 672 адам. Ресей Федерациясынан 396 475 турист, Қырғыз Республикасынан 137 530 адам, Қазақстан Республикасынан 37 288 турист, Қытай Халық Республикасынан 33 178 адам келген, — деді ол.
Сондай-ақ оның айтуынша, туристердің жалпы санының 1 млн 634,5 мыңы ТМД елдерінен, ал қалған 149,9 мыңы алыс шетелдерден келген.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Тәжікстанда Starlink спутниктік байланыс жүйесі ресми түрде іске қосылды.