Өткізу бекеті қайта жаңғыртылмақ

27.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Батыс Қазақстан облысы мен Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу бекетін жаңғырту жобасына өзгерістер енгізіледі. Таяу уақытта жаңарған сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. 

Өзгерістер ең алдымен құрылыс мерзімін қысқартып қаржыны үнемдеуді көздейді. Қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған соң бекет арқылы Ресейге өтетін адам саны тәулігіне 6 мыңнан 10 мыңға, ал көлік саны 3 мыңнан 5 мыңға көбейеді. Алты жолақтың орнына 12 жолақ  болады,  қажетті әкімшілік ғимараттар салынып, заманауи рентген тексеру жабдықтары орнатылады. Қазір мұнда қызметтік иттерге арналған орын мен көлікті тексеру ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Жобаның жалпы құны – 22 миллиард теңге.

Данияр Дүйсенғалиев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ ОФ бөлім басшысы:

- Жобаны  түзеу жұмыстары жоба-сметалық құжаттарды оңтайландыру және аяқтау мерзімін қысқарту мақсатында жүргізіліп жатыр. Мысалы, жоба бойынша бізде свай негіздері қарастырылса, өзгертілген нұсқада ленталық фундамент негіздер өзгертіледі, солар салынатын болады және кейбір ғимараттардың қабырғалары өзгертіледі. Жалпы құрылыс-монтаж жұмыстарын осы жылдың аяғына дейін бітіргіміз келіп отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью