Отын жинауға барып, олжалы болған ауыл тұрғыны сот алдынан бір ақ шықты

15.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында өзен жағасынан есірткі тауып алған тұрғын сот алдында жауап берді, деп хабарлайды облыстық сот.

Сотталушы Жуалы ауданына қарасты Жұрымбай ауылының маңындағы Теріс өзенінің жағасына отын жинауға барған. Сол жерде гашиш өсіп тұрғанын байқап қалған. Кейін оны тұтатып отырған сәтте полиция қызметкерлерінің қолына түскен.

Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралды. Сот барысында ол кінәсін толық мойындаған. Сондай-ақ шөптің есірткі екенін білгенін де жасырмапты.

Сот үкімімен сотталушыға 121 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью