Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Түркістан облысы Отырар ауданында 6 жастағы қызға тиіспек болды деген күдікке ілінген 9-сынып оқушысына қатысты іс қоғамда наразылық туғызды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жәбірленуші тараптың айтуынша, оқиға шамамен бір ай бұрын болған. Мектептен кешігіп, жылап келген қыз ауыл маңында жоғары сынып оқушысы өзіне тиіскенін айтқан.
Ата-анасы баланы Түркістан қаласындағы дәрігерге тексерткен. Дәрігер ықтимал әрекет болғанын, бірақ ауыр зардап жоқ екенін жеткізген. Осыдан кейін ата-ана полицияға арыз түсіріп, қылмыстық іс қозғатқан.
Алайда олардың айтуынша, бір ай өтсе де нақты шара қолданылмаған. Күдікті ауылда еркін жүр, ал тергеу баяу жүргізіліп жатыр деген шағым бар. Сонымен қатар ата-ана баланың қауіпсіздігіне алаңдап, оны мектепке жібермей отыр.
Қазір психологиялық күйзеліске түскен 6 жастағы қыздың жағдайы ауырлаған. Туыстары Ішкі істер министрлігі мен балалар омбудсменінен көмек сұрап отыр.
Ал Түркістан облыстық Полиция департаменті сот сараптамасы нәтижесінде баланың денесінде жарақат анықталмағанын мәлімдеді. Соған қарамастан сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.