Өз өзіне қол салды: Ақтөбе облысында қала әкімі қаза тапты

22.12.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ақтөбе облысы Темір қаласының әкімі өз-өзіне қол салып, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл оқиғаны аудан әкімдігі мен полиция растады. 

– 46 жастағы Еркін Оразбекұлы Далмағамбетовтің мәйіті 20 желтоқсанда кешкі  сағат 9 шамасында үйінен табылған. Қазір өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.

Марқұм Еркін Далмағамбетов әкімдік қызметке өткен жылдың маусым айынан бері атқарған. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью