Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Тиісінше, таяуда елдің Ғылым Академиясы іріктеу жұмыстарына кіріседі. Зерттеуге 35-70 жас аралығындағы ұлты өзбек Өзбекстан азаматтары қатыса алады.
Басты талаптардың бірі — қатысушы ауыр дерттерге шалдықпаған болуы тиіс. Келісім берген азаматтар сауалнама толтырып, қан тапсырады. Сонымен қатар, олар тегін медициналық тексеруден өтеді.
Еске салайық, бұл күндері Өзбекстанда халық санағы өтіп жатыр. Қаңтар айының соңына дейін 30 миллионға жуық адам онлайн тіркеуден өтті. Енді 28 ақпанға дейін санақтың екінші кезеңі жүргізіледі. Бұл жағдайда статистика органдарының қызметкерлері үй аралап, тіркеуден өтпеген тұрғындар туралы деректерді базаға енгізеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, былтыр Өзбекстанда туу көрсеткіші төмендеді.