Өзбекстан 2028 жылға дейін алқаптардың 80% су үнемдеу технологияларын енгізбек

10.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

— Өзбекстанда су үнемдеу технологияларын енгізу жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Осының нәтижесінде біз 5 жыл ішінде 10 млрд текше метрге аз су алатын болдық, яғни, бұл жалпы көлемнің 25 пайызына тең. Өзбекстанда 4,3 млн гектар суармалы жер бар. Бүгінде оның 2,6 млн гектары осы технологиялармен қамтылды. Президент жақында су секторының 2028 жылға дейінгі стратегиясын бекітті. Оған сай, алдағы 3 жылда олардың көлемін 3,5 млн гектарға дейін жеткізу қажет. Осылайша, Өзбекстандағы жалпы суармалы жерлердің 80%-ы үш жылдан кейін су үнемдеу технологияларымен қамтылады, — деді Вадим Соколов Kazinform тілшісінің сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, жыл сайын Орталық Азиядағы су көздері тартылып, басты өзендердің ағысы азайды. Сондықтан барлық мүдделі мемлекеттермен бірлесе әрекет етіп, іс-қимылдарды жүйелеу маңызды.

— Аймақтағы су көлемі көбеймейді, ол жылдан жылға кеміп барады. Осыған байланысты өңір елдері ортақ жоспар қабылдап, бұл бағыттағы іс-қимылдарды үйлестіруі керек. Бір-бірімізге техникалық қолдау көрсетіп, жобаларды өзара ақылдаса отырып іске асыру орынды. Бүгінгі күнде бізде бұдан басқа жол жоқ, — деп тоқталды сарапшы.

Еске салайық, таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Премьер-министр Олжас Бектенов Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында биыл да су тапшылығы жалғасатынын айтты.

Сондай-ақ, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысында өткен кеңесте су тапшылығы экономиканың дамуын тежейтінін мәлімдеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью