Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Өзбекстан құрамасы алғаш рет футболдан әлем чемпионатына қатысып жатыр.
© Photo : sports.kzӨзбекстан әлем чемпионатында алғашқы голын соқты
Өзбекстан әлем чемпионатында алғашқы голын соқты
© Photo : sports.kz
Команда алғашқы ойынын Колумбияға қарсы өткізіп, 1-3 есебімен жеңіліп қалды. Жалғыз голды Аббосбек Файзуллаев соқты.
© SputnikӨзбекстан құрамасының жанкүйерлері Мексикадағы әлем чемпионатында
Өзбекстан құрамасының жанкүйерлері Мексикадағы әлем чемпионатында
© Sputnik
Өзбекстан құрамасы Орталық Азия елдерінен бірінші болып әлем чемпионатына жолдама алды. Оның бас бапкері Каннаваро – Әлем кубогының жеңімпазы және "Алтын доптың" иегері.
Команда құрамында түрік лигасының үздік бомбардирі және "Ростов" клубының бұрынғы ойыншысы Шомуродов пен "Манчестер Ситидің" негізгі қорғаушысы Хусанов бар.
© Photo : sports.kzӨзбекстан әлем чемпионатында алғашқы голын соқты
Өзбекстан әлем чемпионатында алғашқы голын соқты
© Photo : sports.kz
Өзбекстан құрамасы 23 маусымда Португалияға қарсы ойнайды.
Айтпақшы, ел президенті Шавкат Мирзиеев ұлттық құраманың матчы кезінде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс күнін екі сағатқа ауыстырды. Ойынды өзі де отбасымен бірге тамашалады.