Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Сөз басында көршілес ел басшысы кеңестің жұмысы Газа секторындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайды қалпына келтіруге қауқарлы екеніне сенім білдірді.
- Барлық тараптың үйлестірілген іс-қимылы қақтығыстан кейінгі ахуалды тұрақтандыруға және Газаны тез арада қалпына келтіруге ықпал етеді. Өзбекстан ол жерде тұрғын үй, балабақша, мектеп және ауруханалар салуға өз үлесін қосуға дайын. Біз бұл тарихи мүмкіндікті өркендеген, экономикалқ дамыған жаңа Газаны құру үшін пайдалануымыз керек, - деді Өзбекстан президенті өз баяндамасында.
Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысты. Оның барысында сөз сөйлеген Президент Бейбітшілік кеңесі көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын, заман талабына сай ұйым екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Газа секторындағы ахуалды тұрақтандырып, қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын екенін мәлімдеді.