Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.
Өзбекстан Республикасының президенті 29 шілдеде Астанада өтетін үшінші халықаралық жарыс - "Болашақ ойындарының" ашылу салтанатына қатысады.
Жарыс 29 шілдеден 9 тамызға дейін өтеді. Оған 50-ден астам елдің спортшылары, соның ішінде Өзбекстан спортшылары қатысады.
"Болашақ ойындары – 2026" Астананың төрт заманауи спорт нысанында өтеді:
Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешені;
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы;
Beeline Arena Ұлттық теннис орталығы;
"Барыс Арена" мұз сарайы.
Жарыс бағдарламасына цифрлық және физикалық кезеңдерді біріктіретін сегіз дисциплина енгізілген.