Өзбекстан суды үнемдеуді күшейтеді

31.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады.

Кей бөлігі еш кәдеге аспай, топыраққа сіңіп немесе буға айналып жатыр. Көрсеткіш Қарақалпақстан, Наманган, Науаи, Хорезм және Бұхара облыстарында тым жоғары. Көрші ел мәселені шешу үшін алдағы жылы тіршілік нәрін үнемдеудің қатаң режиміне көшеді. Мәселені шешудің бір амалы су арналарын бетондау болып отыр. Үнемдеу шараларына шаруалар да дайын. Мемлекет оларға несие ұсынып, 14 пайызбен қаражат береді. Өзбекстанда тіршілік нәрінің 90 пайызы ауыл шаруашылығына бағытталады. Оның көп бөлігі мақта алқаптарына жұмсалады. «Ысырап басқа мемлекеттермен салыстырғанда шамадан 2-3 есе көп», - дейді мамандар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью