Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Бұл туралы ДСҰ мәселелері жөніндегі Өзбекстан президентінің арнайы өкілі Азизбек Урунов мәлім етті. Ресми Ташкент былтыр 40-тан астам келіссөз жүргізіп, ЕО, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Швейцария, Канада, Австралия және өзге де елдермен тиісті келісімдерге қол қойды.
— Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу бойынша 33 елмен хаттамаға қол қойды. Енді тек Тайваньмен келіссөзді аяқтау қалды, — деп мәлім етті Азизбек Урунов.
Ол атап өткендей, Өзбекстан бұл процесті биыл наурызда Камерунда өтетін ДСҰ министрлер конференциясының 14-ші отырысына дейін аяқтауға ниетті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстан ДСҰ-ға қосылу келіссөздерін 2025 жылы қорытындылауды жоспарлаған.
Еске салайық, ДСҰ-ға қосылу бойынша өзбек тарапы 2024 жылы АҚШ және Қытаймен арада өткен келіссөздерге нүкте қойды.