Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Өзбекстанның Министрлер Кабинеті тиісті қаулы қабылдады. Ол келер айдан бастап күшіне енеді. Құжатта ескі көліктер мен арнайы техника үшін жаңа сәйкестендіру стандарттары қамтылған.
Атап айтқанда, құқық қорғау органдары мен Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметі 50 жыл қолданыста болған автомобильдерді қайта тіркеуді тоқтатады. Мұндай темір тұлпарлар міндетті түрде есептен шығарылуы қажет.
Дегенмен қаулыда жазылғандай, көліктің сирек экземплярмен шығарылғаны тиісті құжаттармен расталса, онда оларға “көне жәдігер” мәртебесі беріледі. Сәйкесінше, оны сақтауға рұқсат етіледі.
Еске салайық, былтыр Өзбекстанда электромобиль импорты екі есе өсті.
Қоса кетейік, былтыр Өзбекстанда 9 226 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 2 100-ден астам адам қаза тапты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 10 рет ереже бұзған өзбекстандықтар енді көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
Бұған қоса, Өзбекстанда автобус жолағына түскен көлік жүргізушілеріне айыппұл салынуы мүмкін екенін жазып едік.