Өзбекстанда Арал табанының 2 млн гектардан астамы көгалдандырылып жатыр

22.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оның айтуынша, Өзбекстанда Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыруға бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда 2 млн гектардан астам аумақта орман алқаптарын қалыптастыру жоспарланған.

– Бүгінде Аралдың құрғаған табанында жасыл желек отырғызу жұмыстары қарқын алып жатыр. Бұл – өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған маңызды қадам, - деді Азиз Нұрбеков.

Ол экологиялық саммиттің Орталық Азия елдері үшін тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналғанын атап өтті. Оның пікірінше, Өзбекстан құрғақ аймақтарда орман өсіру тәжірибесімен бөлісе алады, ал Қазақстан Арал теңізінің өз бөлігін қалпына келтіру бағытындағы тәжірибесін ұсына алады. 

– Біз тәжірибе алмасуды күшейтуіміз қажет. Өзбекстан – Аралдың құрғаған табанында орман өсіру бойынша, Қазақстан – теңіздің қазақстандық бөлігінің экожүйесін қалпына келтіру бағытында, - деді ол.

Азиз Нұрбеков мұндай экологиялық саммиттер өңірдегі өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, оларды бірлесіп шешудің нақты жолдарын айқындауға мүмкіндік беретінін айтты.

Айта кетейік, елордадағы RES 2026 халықаралық экологиялық саммитіне қатысу үшін бірқатар мемлекет басшысы мен үкімет өкілдері Қазақстанға келді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью