Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Құжаттарды өзара іс-қимылдың басым бағыттары айқындалған. Атап айтқанда онда АЭС құрылысы, білікті кадрларды даярлау, атом қалашығын дамыту жоспарлары қамтылған.
Бұл іс-шарамен бірге Жизақ облысының Фариш ауданындағы екі аз қуатты рекатор бой көтеретін алаңда бетон құю жұмыстарын бастауға арналған салтанатты рәсім өтті. Оған АЭС құрылысы дирекциясының директоры Абдижамил Калмуратов және «Атомстройэкспорт» АҚ Өзбекстандағы АЭС жобасының директоры Павел Безруков қатысты.
Қазіргі уақытта энергия блоктары орналасатын ғимараттың негізі қаланып жатыр. Бұл жұмыстарды биыл сәуірде аяқтау жоспарланған. Жобамен 900 текше метр аумаққа бетон құйылады.
- Бүгін біз тарихи сәтке куә болып отырмыз. Негізгі нысанның алғашқы бетоны жазда құйылады. Ал қазір оның негізі болатын алаңға бетон төселіп жатыр, - деді «Росатом» мемлекеттік корпорациясының директоры Алексей Лихачёв.
«Uzatom» агенттігінің мәліметінше, екі шағын және екі ірі ректордан тұратын интеграцияланған АЭС толық іске қосылғанда жылына 15,4 млрд кВт/сағат электр энергиясын өндіреді. Бұл елдің жалпы тұтыну көлемінің 15 пайызына тең.
- Бүгін Өзбекстанның болашағы үшін айтулы күн. Біз заманауи атом энергетикасын дамыту бағытындағы ұлттық бағдарламаны іске асыру жолында шешуші қадам жасадық. Жизақ облысындағы құрылыс алаңында РИТМ-200Н реакторлары орналасатын алаңда алғашқы бетон құю жұмыстары салтанатты түрде басталды. Бұл жоба Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысы атом саласының дамуын жеке бақылауда ұстайды. Біз стандарттарды қатаң сақтап, кетсеге сай жұмыстарды орындауға ниеттіміз, - деді БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген «Uzatom» агенттігінің директоры Азим Ахмедхаджаев.
Қоса кетсек, биыл МАГАТЭ өкілдері АЭС құрылысының барысын бақылау үшін Өзбекстанға барады.
Еске салайық, таяуда Беларусь президенті Өзбекстанның АЭС салу жобасын іске асыруда стратегиялық серіктес болуға дайын екенін мәлімдеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда салынып жатқан АЭС Жизақ, Самарқанд және Науаи облыстарын электр энергиясымен қамтамасыз етпек.
Сондай-ақ, таяуда Өзбекстанда атом электр станциясы құрылысының бірінші кезеңі басталғанын жазып едік.
23 желтоқсанда Өзбекстанда АЭС құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.