Өзбекстанда енді шетелдегі қарулы қақтығыстарды жарнамалағандар жауапқа тартылады

05.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Өзгеріске сай, енді шет мемлекеттердің аумағындағы қарулы қақтығыстарға немесе әскери іс-қимылдарға қатысуды насихаттайтын материал таратқан азаматтар әкімшілік жауапқа тартылады. Атап айтқанда, интернет арқылы шиеленістерге қосылуды үгіттегендерге айыппұл салынады немесе қамауға алынады.

Депутаттар атап өткендей, бұл норма қылмыстың алдын алып, құқық бұзушылықтың жаңа түрлеріне тосқауыл қоюға бағытталған.

— Енгізілетін түзетулер ықимал қатерледі, оның ішінде жастарға теріс әсер ететін факторларды жоюға арналған, — деп мәлім етті парламенттің төменгі палатасынан.

Еске салайық, Өзбекстанда әлеуметтік желідегі бейәдеп сөз үшін әкімшілік жаза енгізіледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, былтыр Өзбекстанда букмекерлік кеңселердің қызметін насихаттаған 70-ге жуық сайт бұғатталды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью