Өзбекстанда ғаз бағасын негізсіз көтерген компанияларға қатысты іс қозғалды

13.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Былтыр қараша–желтоқсан айларында уақытша енгізілген шектеуге байланысты ведомство компанияларға бағаны көтермеуді ескерткен болатын. Алайда, бірқатар кәсіпорын бәсекелестік қағидатына қайшы әрекеттерге барған. 

— Осы фактілер бойынша тексеру басталып, іс қозғалды. Сонымен қатар, биржада бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Компанияларға газ құнын шекті межеде ұстап тұру жөнінде нұсқау жолданды, - деп атап өтті комитеттен.

Еске салайық, Өзбекстанда импорттың артуына байланысты сұйытылған газ бағасы өсті.

Сондай-ақ, 8 қаңтардан бастап Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізілді
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда газ өндірісі төмендеп барады. 2025 жылы 10 айда көршілес елде 35,5 млрд текше метр газ өндірілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға аз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью