Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Энергетика министрлігінің мәліметінше, шектеулер жергілікті әкімдіктермен келісе отырып енгізілді.
— Бұл шешім магистральдық газ құбырларындағы қысымның төмендеуіне байланысты қабылданды. Бұл кезеңде газ бірінші кезекте тұрғын үйлерге, қоғамдық көліктерге және әлеуметтік нысандарға бағытталады, — делінген ведомствоның хабарламасында.
Министрліктен мәлім еткендей, аталған шектеулер уақытша енгізілді. Қазіргі уақытта газ қысымын қалпына келтіру бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Еске салайық, былтыр желтоқсанда импорттың төмендеуінен Өзбекстандағы газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізілген еді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда газ өндірісі төмендеп барады. 2025 жылы 10 айда көршілес елде 35,5 млрд текше метр газ өндірілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға аз.
Қоса кетсек, былтыр Ташкент облысының ұстаздарымен кездескен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Үстірт өңірінде 6500 метр тереңдікте орналасқан ірі газ кен орны табылғанын мәлім етті.