Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримованың Швейцарияда тәркіленген 43,5 миллион доллар көлеміндегі активтері медицина саласына бағытталды. Бұл туралы Өзбекстанның Экономика және қаржы министрлігі мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі kun.uz-ға сілтеме жасап.
Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримованың Швейцарияда тәркіленген 43,5 миллион доллар көлеміндегі активтері медицина саласына бағытталды. Бұл туралы Өзбекстанның Экономика және қаржы министрлігі мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі kun.uz-ға сілтеме жасап.
Қаражат "перинаталды мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға" жұмсалғаны айтылды.
Республика бойынша 231 перинаталды мекеме заманауи медициналық жабдықтармен жарақталды. 31 миллион доллардан аса сомаға инкубаторлар, жасанды тыныс алу аппараттары, анестезиологиялық жүйелер және басқа да жабдықтар сатып алынды.
80 мыңнан аса медицина қызметкері заманауи перинаталдық көмек көрсету, күрделі жүктілікті бақылау, шала туған нәрестелерді күту және зертханалық диагностика бойынша біліктілігін арттырды. 49 клиникалық хаттама әзірленді немесе жаңартылды.
Швейцария елшісі Константин Оболенский заңсыз иемденілген активтерді қайтару және оларды ашық пайдалану Швейцария үшін басымдық екенін мәлімдеді.
Еске салайық, Швейцария прокуратурасы 2023 жылы Каримоваға айып таққан болатын. Ол халықаралық қылмыстық ұйымды басқарды, ақша жылыстатты, пара алды және құжаттарды қолдан жасады деп айыпталды. Швейцария прокуратурасы шамамен 480 миллион доллар көлеміндегі активтерді тәркілеуді талап еткен.
2015 жылы Каримова бес жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, кейін 2019 жылы колонияға ауыстырылды. 2020 жылғы наурызда ол "мемлекет қаражатын жымқыру және Өзбекстан мүдделеріне қайшы келетін мәмілелер жасау, сондай-ақ, бопсалау арқылы бөтеннің аса ірі көлемдегі мүлкін иемдену дерегі бойынша" тағы 13 жыл төрт айға сотталды.