Өзбекстанда II Дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 30 млн сум беріледі

17.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Кеңесте мәлім болғандай, әскердің жауынгерлік машықтарын шыңдау мақсатында тұрақты негізде кешенді стратегиялық және командалық-штабтық оқу-жаттығулар ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар әскерилер қазіргі заманғы соғыс қимылдарын талдау негізінде ұрыс жүргізудің жаңа тәсілдерін меңгеруде.

Бұған қоса жиында 9 мамыр — Еске алу және құрмет күніне дайындық барысы пысықталды. Биыл мереке қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 30 млн сум (2 467 доллар) мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы беріледі. Мұнымен бірге олар тұратын үйлердің аумағы абаттандырылып, түрлі еске алу және салтанатты іс-шаралар өткізіледі. Тәуелсіздік жылдарында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің есімі де мәңгілікке ұлықталып, олардың отбасыларына материалдық және моральдық қолдау көрсетіледі.

Қоса кетсек, бұл күндері Өзбекстан мен Үндістан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздарға ЖОО-да қашықтан оқу мүмкіндігі ұсынылмақ. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью