Өзбекстанда Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның бірлескен әскери оқу жаттығуы өтіп жатыр

18.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілер заманауи ұрыс тәсілдерін біресіп пысықтап жатыр. Атап айтқанда, оларға тактикалық дайындық, байланыс және әскери-медициналық көмек көрсету бойынша міндеттер қойылған. Тиісінше, олар бұл бағыттарда өзара тәжірибе алмасып жатыр.

Фото: Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі

Өзбекстанның Қорғаныс министрлігінен атап өткендей, мұндай оқу-жаттығу ел әскерлерінің әлеуетін арттырып, ықтимал қатерлердің алдын алуға бағытталған шараларды өзара келісе отырып жүргізуге ықпал етеді.

Фото: Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі

Еске салайық, былтыр қарашада Қазақстан мен Өзбекстанның әскери қызметшілері бірлесіп, «Фориш» таулы полигонында «Hanjar-2024» тактикалық арнайы оқу-жаттығуын өткізген болатын.

Фото: Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі

Сондай-ақ, таяуда Ильхам Әлиев 2026 жылы Әзербайжанда ТМҰ елдерінің әскери жаттығуларын өткізуді ұсынған еді.

Фото: Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі Фото: Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью