Өзбекстанда қазақстандық капиталмен 1200 ге жуық компания жұмыс істеп тұр

13.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ұлттық статистика комитетінің 1 желтоқсандағы дерегіне сай, кәсіпорындардың қызмет бағыттары мынадай:

* Ауыл, орман және балық шаруашылығы - 21 компания;
* Өнеркәсіп - 129;
* Құрылыс - 82;
* Сауда - 492;
* Тасымалдау және сақтау - 33;
* Қонақүй және қоғамдық тамақтану саласы - 39;
* Ақпарат және байланыс - 127;
* Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету - 13;
* Басқа да қызмет түрлерін ұсынатын компаниялар - 263.

Тоқтала кетейік, бүгінде Өзбекстанда шетелдік капиталмен жұмыс істейтін 17 900 компания бар. Бұл ретте қытайлық кәсіпорындардың үлесі басым. Былтыр 11 айда олардың қатары 1 516-ға көбейіп, жалпы саны 4 873-ге жетті.

Одан кейін 3 209 компаниямен Ресей тұр. Үштікті Түркия түйіндейді. Аталған елдің кәсіпкерлері Өзбекстанда 2 109 кәсіпорын құрған. 
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Өзбекстан арасында қосымша 4 сауда дәлізі ашылуы мүмкін.

Сондай-ақ, Ташкентте Қазақстанның, Астанада Өзбекстанның сауда орталығы салынуы ықтимал.
Еске салайық, былтыр 11 айда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4,3 млрд доллардан асты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью