Өзбекстаннан әкелінген 5100 ден астам гүл Қазақстанға кіргізілмеді

18.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы залалданған өнімді тасымалдау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Фитосанитарлық бақылау барысында Өзбекстан Республикасының Ташкент облысынан Қазақстан аумағына карантиндік нысан арамсояумен залалданған 5100-ден астам шырайгүл гүлі әкелінгені белгілі болды.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өнімді кері қайтару туралы акт рәсімделіп, залалданған гүлдер кері қайтарылды.

Қабылданып жатқан шаралар ел аумағына карантиндік зиянды организмдердің жеткізілуі мен таралуының алдын алуға, фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью