Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Экономика және қаржы министрлігінің есебінде жазылғандай, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 16,5%-ға көп. Бұл ретте берешек көлемі төртінші тоқсанда бірден 2,9 млрд долларға өсті.
Бұған қарамастан, мемлекеттік қарыздың ішкі жалпы өнімдегі үлесі 35%-дан 31,9%-ға дейін төмендеді. Яғни, былтыр Өзбекстан экономикасының өсім қарқыны жоғары болды.
Еске салайық, 2025 жылы Өзбекстанның ішкі жалпы өнім көлемі алғаш рет 145 млрд доллардан асты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл Өзбекстан үкіметі мемлекеттік бюджеттің 55% әлеуметтік салаға бағыттамақ. Сондай-ақ, Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес, 2026 жылы Өзбекстанның ішкі жалпы өнім көлемі 6 пайызға өседі