Өзбекстанның сарапшылары конституциялық реформаға жоғары баға берді

30.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Өзбекстанның саяси сарапшылары Қазақстандағы конституциялық реформалар оң өзгерісті одан әрі жеделдетуге бағытталған қадам деп бағалады.

Әділетті мемлекет қағидаттарын нығайту, адам құқығын басты назарға алу жайы аса құптарлық шешім, дейді олар. «Ма'но» зерттеулер орталығының директоры Бахтиер Эргашевтің айтуынша бір палаталы парламенттің Қазақстан үшін артықшылығы көп болады.

Бахтиер Эргашев, «Ma’no» зерттеулер орталығының директоры:

- Үнемі кітапта жазылған теорияны жасаудың қажеті жоқ. Өмірден алынған тәжірибе мен қазіргі жағдайларды ескере отырып, оң өзгерістерге ұмтылу дұрыс қадам. Қазақстанның бір палаталы жүйеге қызығушылық танытуы құптарлық іс. Себебі оның артықшылығы көп. Территориясы ауқымды, ал халық саны 20 млн елге бұл жүйе өте тиімді болады. Пропроционалды жүйе сақталып, партиялар арасында бәсеке артады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью