Өзен көлік құрастыру зауыты басшысы үлескерлердің 303 млн теңгесін иемденгені анықталды

03.12.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Екі жыл бойы компания басшылығы Жаңаөзен қаласында «Astana Rich Village» тұрғын үй кешенінің құрылысын қажетті рұқсат құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз жүргізген, — делінген хабарламада.

Азаматтардың қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны туралы жарнама орналастырылған.

— Нәтижесінде 23 азаматпен жалған алдын-ала сатып алу-сату шарттары жасалған. Заңсыз тартылған қаражаттың жалпы көлемі 303 млн теңгеден асты.

Түскен ақша құрылыс материалдарын сатып алғандай көрініс жасап, кәсіпорын кассасынан қолма-қол ақшаға айналдырылып, шын мәнінде жеке қажеттіліктерге жұмсалған. Тұрғын үй құрылысы аяқталмаған, — делінген ҚМА хабарламасында.

Залалды өтеу және жәбірленуші үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі мүлікке — тұрғын үй, пәтер, 2 автокөлік және 3 жер учаскесіне тыйым салынды.

Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Айта кетелік үлескер құрылыс нысанының кепілдігі барын банк қосымшасы арқылы тексере алады

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью