Өзге елді мекенде жүргендер қалай дауыс береді?

03.08.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін дауыс беру күніне 15 күн қалған уақыттан бастап дауыс беру күнінің алдындағы күнгі сағат 18:00-ге дейін алуға болады. Мұндай куәлікті учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының жазбаша өтініші және жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі негізінде береді. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.

«Азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелген учаскелік сайлау комиссиясынан 7 тамыздан бастап 22 тамыз сағат 18:00-ге дейін дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін алуға құқылы. Бұл ретте бір елді мекен шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс бергісі келетін сайлаушыларға мұндай куәлік берілмейтінін атап өткен жөн. Жоғалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді және олардың телнұсқалары берілмейді», деді Азамат Айманакумов.

Сонымен қатар, есептен шығару куәліктерін сенімхат арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді.

Сайлау алдындағы уәде мен нақты міндеттің айырмашылығы қандай?

Еске салайық, бүгін ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған дауыс беру бюллетенін таныстырды.

Абзал Құспан: Сайлаудың сапасы партиялардың кадрлық әлеуетіне байланысты болады

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью