ОЖБ директоры Мәскеуге Трамп, Путин және Зеленскийдің саммитін өткізуді ұсынды БАҚ

30.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Орталық барлау басқармасының (ОБА) директоры Джон Рэтклифф осы аптада Мәскеуге жасаған сапары барысында Ресей тарапына АҚШ, Ресей және Украина президенттері – Дональд Трамп, Владимир Путин және Владимир Зеленскийдің үшжақты кездесуін өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Axios басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы басылымға жағдайдан хабардар екі дереккөз мәлімдеді.

Олардың айтуынша, сапардың негізгі мақсаттарының бірі – Ресей барлау қызметтерінің басшылары Владимир Путинді АҚШ-тың араағайындығымен Украинамен келіссөздерді қайта бастауға көндіре ала ма, соны анықтау болған.

БАҚ мәліметінше, сейсенбі күні Рэтклифф Мәскеуге барып, ресейлік әріптестері – Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин және Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры Александр Бортниковпен кездескен.

Дереккөздердің мәліметінше, Рэтклифф Бортниковтың сындарлы ұстанымда екенін және дипломатиялық күш-жігерді жандандыруға көмектесе алатынын байқаған.

Айта кетейік, бұл – Рэтклиффтің Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу бағытындағы келіссөздерге алғаш рет жеке қатысуы.

Жұма күні АҚШ шенеуніктері Зеленскийге ОББ директорының Мәскеудегі келіссөздері және үшжақты саммит өткізу туралы ұсынысы жөнінде хабарлаған. Бұған дейін Трамп әкімшілігі де мұндай кездесу өткізу идеясын көтерген болатын.

Вашингтонның араағайындығымен Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздер ақпан айының ортасында, Иранмен соғыс басталғаннан кейін тоқтап қалған.

Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен АҚШ Президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер соңғы бірнеше айда Ресей және Украина өкілдерімен бөлек кездесулер өткізген. Алайда материалда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілмегені айтылған.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық саясаттанушы Сұлтан Әкімбеков Tengrinews.kz сайтындағы авторлық бағанында 2026 жылғы тамызда Ресей мен Украина арасындағы текетірестегі күштер арақатынасын, алдағы күзгі-қысқы кезеңді және Батыс елдерінің араағайындық әрекеттері аясындағы ықтимал сценарийлерді талдаған болатын.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью