Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған сарбаз Темірхан Ақжол Тимурұлының ауруханада жатқан сәті әлеуметтік желіде тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Фотода сарбаздың қолында қаза болған қаруласы Мәдіхан Азамат Болатбекұлының береті бар.
Суретті әлеуметтік желіде Аян Өрібай жариялаған. Оның жазуынша, Ақжол ауруханада ауыр жағдайда жатқанына қарамастан, досының беретін қолынан шығармаған. Ол беретті марқұмның ата-анасына өзі табыстағысы келетінін айтқан.
«Азамат досымдікі, өзім беремін деп қолынан жібермейді. Бейбіт заманда Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қаршадай жігіттер бақилық болып кетті. Ажал аяқ асты, бір сәтте…», – деп жазылған Аян Өрібай жариялаған суретте.
Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, Мәдіхан Азамат Болатбекұлы Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан мерзімді әскери қызметтегі матростардың бірі.
Оқиға кезінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен. Олардың үшеуі аман қалған.
Әлеуметтік желіде кейін аман қалған сарбаздың әкесінің де видеосы тарады.