Өзімді қорғадым : Оралда танысын 10 рет пышақтаған ер адам сотталды

09.09.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Оралда танысын пышақтап өлтірген ер адам бес жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кассациялық сот сотталғанның өзін-өзі қорғағаны туралы уәжін негізсіз деп таныды.

Іс материалдарына сәйкес, бірінші сатыдағы сот ер адамды кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырған. Кейін апелляциялық сот та үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сотталған азамат кассациялық шағымында жанжалды марқұм бастағанын айтқан. Оның сөзінше, танысы оған пышақпен бірінші болып шабуыл жасаған. Ол пышақты тартып алып, өзін қорғау кезінде бірнеше рет соққы жасағанын алға тартқан.

Алайда кассациялық сот бұл нұсқаны растайтын жеткілікті дәлел таппады. Сот дерегінше, ер адам мас күйінде танысына кемінде 10 рет қасақана пышақ сұққан. Жәбірленуші көп қан жоғалтып, алған жарақаттарынан көз жұмған.

Сот марқұмның шабуыл кезінде қарсылық көрсетпегенін де анықтады. Оқиға орнынан табылған пышақ пен қан іздері, сот сараптамалары және куәгерлердің жауабы сотталғанның өзін-өзі қорғағаны туралы нұсқасын растамаған.

Кассациялық сот ер адамның әрекетін Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі бойынша саралауды дұрыс деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз қалдырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью