Өзімді жоғалтып алдым... : әнші Айдана Меденова жан сырын ақтарды (видео)

24.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Әнші Айдана Меденова журналист Аман Тасығанға сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі әкесі өмірден өткенін ауыр қабылдағанын айтты.

«Әкем ауырып жатқанда, ішіндегісін айта алмай, шарасыз күйге түсті. Қолы дірілдеп, қағазға да жаза алмайтын. Бұл күйін көріп, қатты қиналдым. Қайтсем де, алып қаламын, қолымнан келгеннің бәрін істеймін дедім. Жібергім келмеді. Жанымдағылар «Айдана, сен Құдай емессің, жібер» деді. Әкемді жібергім келмеді, қатты қиын болды. Бұл жағдай өзімді жоғалтып алуыма ықпал етті. Әкемді емдету үшін пәтерімді, көлігімді саттым. Ол уақытта шығармашылығымды қатар алып жүрдім. Күліп ән айтқанмен, ішім өліп жатыр еді», - дейді әнші.

Сонымен қатар ол сегіз жыл бұрын дін жолына келгенін айтты.

«Өмірімде әртүрлі сынақ болды. Күйеуім екеуміз осыдан 8 жыл бұрын бір күнде намаз бастадық. Өйткені біздің өмірімізде ақиқат ашатын жағдайлар болды. Оны мен ашып айта алмаймын. Адамдармен болған нәрсе. Оның алдында да түс көрдім. Түс, аян дегенге сенбейтін едім. Бәрін көргеннен кейін, «Алла маған бәрін көрсеттің, рақмет» дедім. «Бұл жерге не үшін келдім? Біздің миссиямыз қандай?» деген сұрақтарға бір күнде жауап таптым", - дейді Айдана Меденова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью