Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды әкелу үшін лицензия қажет МКК

06.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Оның айтуынша, тауардың өзіндік ерекшелігі бар түріне жататынын тексеру үшін оның СЭҚ ТН коды қолданылады. Бұл код кеденде тауардың тиісті санатқа жататынын анықтауға мүмкіндік береді.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өзіндік ерекшелігі бар тауарларды лицензиялау және сәйкестендіру саласында уәкілетті орган. Ол экспортқа, импортқа және транзитке лицензиялар мен рұқсаттар береді, сондай-ақ тауарларды арнайы санатқа жатқызу немесе жатқызбау туралы қорытынды шығарады.

— Тұрақты түрде тауар тасымалдайтын брокерлер мен кедендік өкілдер лицензияның дайын екеніне көз жеткізіп, рұқсат құжаттарын алдын ала рәсімдеуі керек. № 424 бұйрықта тауарлардың қандай рұқсат құжаттарына жататыны көрсетілген, — деді Замира Малдыбаева.

Лицензия мен қорытынды алу мемлекеттік қызмет ретінде жүзеге асады. Өтінішті e-License немесе eGov порталдары арқылы тапсырып, қажетті құжаттарды тіркеу қажет.

Еске салсақ, биыл кеден заңнамасын бұзғандарға 534 әкімшілік іс қозғалғаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью