Өзінің жүкті екенін білмеген 21 жастағы келіншек толғақты соқырішек деп ойлаған

26.01.2026

Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жүктілігі туралы білмеген 21 жастағы британдық әйел толғақты аппендициттің ұстамасы деп ойлап қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

What’s The Jam басылымының жазуынша, Ұлыбританияның Йоркшир графтығында тұратын жас әйел жүктілігін білмей жүріп, дені сау қыз баланы дүниеге әкелді. 

Лидс қаласындағы стоматологиялық клиникада жұмыс істейтін 21 жастағы Деми-Ли Сефтон мектеп кезінен бері Брэд Баррингтон есімді жігітпен кездесіп жүрген. Алайда олар баспана алмайынша, бала сүюді жоспарламаған. 2025 жылғы 12 мамырда Сефтонның іші ауыра бастаған. Алдымен ол мұны ауыр өтетін етеккір деп ойлап, ауырсынуды басатын дәрі ішіп, ұйықтап қалуға тырысқан. Бірақ ауырсыну күшейіп, таңға жуық ол өзін аппендицит ұстамасы деп топшылаған.

Осыдан кейін әйел анасына хабарласып, жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер Сефтонның кемінде жеті айлық жүкті екенін және толғағы басталғанын айтқан. Жас әйел бұл хабарды естігенде қатты күйзеліске түскенін жасырмаған. Оның айтуынша, етеккірі әдеттегідей келіп тұрған, кейде ғана кідіріс болған, бірақ мұндай жағдай бұрын да кездескен.

Сефтон бірден Баррингтонға хабарласуға тырысқанымен, ол телефон тұтқасын көтермеген. Әйел ауруханаға жеткізіліп, бар болғаны 45 минуттан кейін Хейзел есімді қыз баланы аман-есен босанған.

Жас ана жүктілік кезінде алкоголь тұтынғанына байланысты сәбиінің денсаулығына қатты алаңдағанын мойындады. Алайда бұл баланың жағдайына еш әсер етпеген. Дәрігерлердің түсіндіруінше, ұрық жатырдың артқы қабырғасына жақын орналасқан, сондықтан Сефтонның іші айтарлықтай үлкеймеген әрі ол баланың қимылын сезбеген.

Сефтон бала күтімі ойлағанынан да қиын болғанын айтқанымен, бұл тәжірибені ешнәрсеге айырбастамайтынын жеткізді. Сондай-ақ ол әзілдеп, өздері Баррингтонмен бір ұл, бір қыз сүйгіміз келген, енді соның жартысы орындалды деп қалжыңдады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью