Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Пабло Пикассоның картинасы аукционға қойылады.
1941 жылы салынған «Әйелдің басы» картинасы үшін небәрі 100 еуро сұралады. Бұл туралы Гардиан баспасы хабарлады. Қазір туынды Лондондағы Opera галереясында сақтаулы тұр. Лотереядан түскен қаржы Альцгеймер ауруын емдеу жолдарын зерттеуге бағытталады. Ұйымдастырушылар 120 мың билет сатып, 11 млн еуро көлемінде қаражат жинауды жоспарлап отыр. Аукцион 14 сәуір күні Парижде өтеді. Пабло Пикассоның немересі Оливье Пикассо мұндай шараны жыл сайын ұйымдастыруға ниетті.