Пациенттер енді қызмет сапасын өздері бақылай алады

19.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Qalqan цифрлық экожүйесін енгізу медициналық қызметтерді растау процесіне науқастарды тартуға және жалған тіркеулерді жоюға мүмкіндік береді. QR-кодтарды пайдалану және мобильді қосымшалармен интеграциялау арқылы денсаулық сақтау жүйесіндегі ашықтықтың жаңа тетіктері туралы «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ басшысы Жанасыл Оспанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда медициналық ұйымдар БСН бойынша жүйеде авторизациядан өтіп, өздерінің өндірістік базасын цифрландыруда. Нәтижесінде үш деңгейлі сәйкестендіру жүйесі: ғимараттың, медициналық бөлімшенің QR коды және емдеуші дәрігердің жеке коды қалыптасады. Науқас тек қосымшаны ашып, осы QR кодты сканерлеп, көрсетілген қызметтердің дұрыстығын тексеруі керек.

— Көрсетілген медициналық қызмет бойынша ақпарат кейіннен хабарлама арқылы пациенттің жеке кабинетіне түседі. Алайда ақпараттар медициналық қызмет туралы ғана емес, сонымен қатар қызмет құны мен қаржыландыру көздері бойынша да беріледі. Осылайша, егер қызметті МӘМС шеңберінде алғаны туралы хабарлама келіп түссе, ал науқас қызмет ақысын өз қалтасынан төлеген жағдайда аталған қосымшада бірден шағымдануына болады, — деп атап өтті Жанасыл Оспанов. 

Айта кетелік Qalqan платформасы арқылы медициналық қызмет сапасы мен қаржыландыру толық бақылауға алынатыны туралы жазған едік

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью