Пайдаланылғанына 25 жылдан асқан лифтілерді ауыстыру және жөндеу жол картасы әзірленеді

09.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

- «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес лифтілер қауіпті техникалық құрылғыларға жатқызылған. Лифтілерді пайдалануға беруді белгіленген нормативтер бойынша комиссия жүзеге асырады, бұл ретте лифтілер міндетті есепке алынуға және тексерілуге жатады. Аталған тәсілдер Жүк көтеру тетіктерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары аясында іске асырылады, - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің атап өтуінше, тұрғын үй заңнамасының нормаларына сәйкес, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, оның ішінде лифтілерді ауыстыру не күрделі жөндеу пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің көпшілік даусының хаттамалық шешімі негізінде жүргізіледі.

Тұрғын үй заңнамасы шеңберінде республикада көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу, оның ішінде меншік иелерінің көрсетілген шешімі негізінде лифтілерді ауыстыру жөніндегі бағдарлама қолданылады. 

- Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігне Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, қаржыландыру мерзімдері мен көздерін көрсете отырып, апатты және 25 жылдан астам пайдаланудағы лифтілерді ауыстыру және күрделі жөндеу бойынша жол карталарын әзірлеу және бекіту тапсырылды, деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін елімізде 4 мыңнан астам лифт ауыстыруды қажет ететінін жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью