Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14.08.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Асиф Али Зардари мен премьер-министр Шахбаз Шарифті Пәкістанның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысы жеделхатында орнықты даму жолында Пәкістанның айтарлықтай табысқа жеткеніне тоқталып, екіжақты және халықаралық күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұдайы бейіл екенін білдірді", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан президенті премьер-министр Шахбаз Шарифтің екі елдің өзара ықпалдастығына тың серпін беретін Астанаға мемлекеттік сапарына ерекше ден қойып отырғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Асиф Али Зардари мен Шахбаз Шарифтің жауапты қызметтеріне табыс, ал достас Пәкістан халқына құт-береке тіледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью