Пәкістан Қазақстанға өз порттарын пайдалануды ұсынды

29.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Фото: Карачи порты/istockphoto.com

Бұл туралы Пәкістанның теңіз істері жөніндегі федералдық министрі Мұхаммад Джунайд Анвар Чаудри Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Ержан Қыстафинмен кездесу барысында айтты.

Қытайлық компания Маңғыстауда көпфункционалды порт салады

Министрдің сөзінше, тараптар еркін экономикалық аймақтарда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін де қарастырып жатыр. Сонымен қатар Пәкістан Қазақстанмен порт инфрақұрылымы, теңіз тасымалы, сауда рәсімдерін жеңілдету және өңірлік көлік байланысын дамыту бағытындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі.

«Пәкістанның теңіз порттары Қазақстан мен жалпы Орталық Азия үшін Парсы шығанағы, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына шығатын маңызды транзиттік хабқа айнала алады», деді Мұхаммад Джунайд Анвар Чаудри.

Қазақстан Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай экспортын қайта жандандырды

Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Ержан Қыстафин теңіз тасымалы мен порт инфрақұрылымы саласындағы өзара іс-қимыл екі ел арасындағы сауда байланысын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет Иран Қазақстанға Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызы бар порт аумағынан жер телімін беретінін мәлімдеген болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью